Жаңалықтар

Заттыбек Көпбосынұлы гонорары мен күніне қанша тойға шығатынын айтты

Заттыбек Көпбосынұлы гонорары мен күніне қанша тойға шығатынын айтты
Фото: instagram.com/zattybek 04.04.2023 16:44 1446

Заттыбек Көпбосынұлы гонорары мен күніне қанша тойға шығатынын атады. Әнші бұл туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасына  берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әншінің сөзінше, гонорар туралы сауалға ұзақ жыл бойы жауап бермеген.

"Бұрынғы асабалықты қоспағанда 17-18 жыл тойдың төңірегінде келе жатырмыз. Эстарада жанрында он жеті жыл. Осы уақытқа дейін қойылған сұрақтардың ешқайсына менің гонорарым мынадай деп айтпағанмын. Себебі ол әркімнің қалтасына, шамасына қарай өзгеріп тұрады. Қазіргі тариф те айтылмайды. ...Білгісі келетіндер менің жеке өзімнің байланыс нөмірім бар. Шамасы келмесе, айтатындар бар. Онда мәміле болады", дейді Заттыбек Көпбосынұлы..

Өнер иесі күніне қанша тойға шығатынын атады.

"Кейде үш, кейде төрт, кейде екі, кейде бір той. Күнде бір деңгейде бола бермейді", дейді әнші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға