Жаңалықтар

Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 30.05.2023 14:10 930

Қорғаныс министрлігі Үкіметтің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Нормативтік құқықтық акт «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді. Құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылған, – делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға