Жаңалықтар

Заңсыз жолмен алтын іздеген қылмыстық топ ұсталды

Заңсыз жолмен алтын іздеген қылмыстық топ ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 30.05.2024 10:00 472

Биыл полиция қызметкерлері 400-ден астам заңсыз кен қазушыларды ұстап, жауапкершілікке тартты. Сегіз қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ болып әрекет ететін кен қазушылардың бригадалары анықталып, жолы кесілген.

Осындай ұйымдасқан топ биыл қаңтар айында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен ұсталып, кенді қайта өңдейтін заңсыз цех жойылды. Салмағы 600 кг-нан астам құрамында алтыны бар 26 қап тәркіленді, - делінген хабарламада.  

Сәуір айында Степногорск қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісі алтын ұрлаумен айналысқан үш заңсыз кен қазушы бригаданың жолын кесті.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың сөзінше, кенді қайта өңдейтін үш шағын цех, сегіз тоннадан астам құрамында алтыны бар концентрат, контрафактілік зергерлік бұйымдардың ондаған жиынтығы тәркіленді.

Шахтаның 200 метр тереңдігінде жерасты жуу цехы табылды. Полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тергеу жалғасуда, – деді Қуандық Алпыс.

26 мамырда Ақсу және Бестөбе елді мекендерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тағы үш жерасты кен өңдеу цехы табылды.

 Әр түрлі жабдықтар, шамамен 300 қап кен тәркіленді. Қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары мен қызметкерлері ұсталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда, – деді департамент өкілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға