Әлемдік рейтингінде 25-орында тұрған қазақстандық спортшы Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде ұтты. Турнир барысында қазақстандық теннисші қарсыластарына бірде-бір сет берген жоқ.
Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 Aizkraukle, J200 Shymkent, J100 Izmir, J30 Tsaghadzor, J30 Trnava турнирлерде топ жарған болатын.
Келесі аптада Заңғар Кореяның Вонджу қаласында өтетін ITF Juniors J300 турнирінде бақ сынайды. Бұл дода 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы бейресми Азия чемпионаты саналады.
Заңғар Нұрланұлы Кореядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды