Жаңалықтар

Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors J100 турнирінде топ жарды

Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors J100 турнирінде топ жарды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 29.04.2024 15:34 465

Қазақстандық 15-жасар Заңғар Нұрланұлы Түркияның Измир қаласында өткен ITF Juniors J100 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстандық теннисші финалда Түркияның жасөспірімдер арасындағы үздігі, осы жарыстың 1-ракеткасы Мелих Анаватанды тартысты матчта 3:6, 7:5, 6:2 есебімен ұтты.

Заңғар Нұрланұлы финалға барар жолда Түркияның тағы екі өкілінен айласын асырды.

Финалдық бәсеке өте тартысты болды. Бірінші сетте есе жібергеннен кейін екінші партияда жоғары ойын деңгейін көрсете алдым. Қорытындысында жеңіске жетіп, жекелей сында 2024 жылдағы алғашқы титулыма қол жеткізгеніме қуаныштымын, - деді Заңғар Нұрланұлы.

Бұл – Заңғардың жекелей сында ITF Juniors жарыстарындағы үшінші табысы. Өткен жылы ол Армения мен Словакияда дәл осындай додаларда үздік шыққан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға