Жаңалықтар

Заңды бұзған ЖОО-ға лицензия берілмейді – Саясат Нұрбек

Заңды бұзған ЖОО-ға лицензия берілмейді – Саясат Нұрбек
Фото: t.me/KZgovernment 23.01.2024 12:18 806

Былтыр хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапты. Соның ішінде студенттер де болды. Мұндай қайғылы жағдайға тап болмас үшін жатақхана тапшылығын жою мәселесіне қатысты министр пікір білдірді, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір нәрсені айтып кетейін. Бұл хостел біздің жоғары оқу орындары арнайы жасаған келісімшарттардың негізінде хостел тізімінде болған жоқ. ЖОО келісімшарт жасаған хостелдерді міндетті түрде өзіміздің талаптарымызға сәйкес қарастырамыз. Үш үлкен бағытта жұмыс істейміз. Біріншісі – талаптарды күшейту. Өзіміздің ресми тізімге кіретін хостелдерге талаптарды да басқа хостелдерге де таратудамыз. Екіншіден, әрине, жатақхана салуды да күшейтуіміз қажет. Бірнеше механизмді осыған дейінгі брифингтерде айттым, – деді Саясат Нұрбек.

Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, жаңадан реконструкцияға нормативтік субсидияларды көтеру жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл жеке компаниялар мен мердігерлерден 131 өтініш келіп түсті. Оларды пысықтап жатырмыз. Жатақхана салудың үрдісін тездетуіміз керек. Енді жоғары оқу орындары студенттерді қабылдағанда кемінде 80 пайыз төсек-орынмен қамтамасыз етуі керек. Бұл қазір нақты заңды талап. Заңға енді. Енді осы талапты сақтамаған немесе қамтамасыз етпеген жоғары оқу орындарына лицензия берілмейді, – деді министр.

Еске сала кетейік, былтыр Алматыда өрт салдарынан 13 адам хостелде қаза тапқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға