
«Заң және тәртіп» жалауы 4120 метрлік биік шыңға тігілді
22.06.2025 21:03
2214
Фото: instagram.com/qriim_mvdrk
22 маусым күні Алматы облысында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері 4120 метрлік биік шыңға көтерілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шараға Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, шың басына «Заң және тәртіп» жалауы тігіліп, ел ішінде заңның үстемдігін бейнелейтін символға айналды.
Маршрут Тұйықсу мен Мынжылқы шатқалдары, Альпинград алаңы және Маншүк Мәметова атындағы асу арқылы өтті. Бұл жол әділет пен жауапкершілікке апаратын күрделі, бірақ мағыналы сапар болды, - делінген мәліметте.
Посмотреть эту публикацию в Instagram