Жаңалықтар

Zagreb Open турнирінде сынға түсетін балуандар белгілі болды

Zagreb Open турнирінде сынға түсетін балуандар белгілі болды
Фото: Коллаж El.kz 05.01.2024 12:33 1354

Хорватияның Загреб қаласында қаңтар айының 10-14-і күндері грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлемдік рейтингілік турнир өтеді, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл  турнирде балуандарға рейтингілік ұпайлар беріледі. Еркін, грек-рим және әйелдер күресінен өтетін турнирде қазақстандық балуандар сынға түседі. Атап айтсақ, Загреб бозкілемінде Азамат Дәулетбеков (еркін күрес, 86 келі), Ирина Казюлина (65 келі), Елена Шалыгина (68 келі) және Эльмира Сыздықовалар (76 келі) бақ сынайды.

Загребтегі додаға әлемнің біраз мықтылары қатыспақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға