Жаңалықтар

«Покер» ойынын ұйымдастырған елорда тұрғыны ұсталды

Бұл азамат 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
«Покер» ойынын ұйымдастырған елорда тұрғыны ұсталды
Фото: bfm.ru 02.09.2022 15:56 1386

ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті заңсыз «Покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны заңсыз материалдық пайда табу мақсатында тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен заңсыз ойын мекемесін ашып, қолма-қол ақшаға фишкаларды сату және алу арқылы құмар ойынын өткізген. 

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл азамат 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 2022 жылдың 7 айында ҚМА 82 ойын мекемесінің, оның ішінде 4 астыртын казиноның қызметін тоқтатты. Ойын автоматтары, терминалдар, покер үстелдері, рулетка үстелдері, компьютерлер, ұялы телефондар сияқты 3 мыңға жуық зат, сондай-ақ 5 млн теңгеден астам сомаға қаражат түріндегі айғақтар тәркіленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға