Z ұрпақтың таңдауы: сымды құлаққап қайта сәнге айналды ма?

 Жи көмегімен жасалды
Фото: Жи көмегімен жасалды

Жұрт біртіндеп сымды құлаққапқа қайта көшіп жатыр. Бірі – бағасына, екіншісі – функциясына, ендігісі трендке ілесіп жүр. Әсіресе, әлемдік өнер жұлдыздары сымсыз құлаққапқа байкот жариялағандай әсер қалдырады.

Кейінгі жылдары технологиялық нарықта сымсыз құлаққаптар танымал әрі таптырмас құрал болды. Алайда 2025 жылдың соңына қарай күтпеген тренд –сымды құлаққаптар қайта сәнге айналды. Сарапшылар мұны «Bluetooth-ға қарсы реакция» деп те атап атады.

Неге адамдар қайта сымды құлаққапқа көшіп жатыр?

Алдымен, адамдар сымды құлаққаптың артықшылығын түсінді. Өйткені оны бірден қосып, қолдануға болады. Зарядтап әуре болмайсың. Құтысына да қосымша аксессуар сатып алудың керегі жоқ. Пайдаланушылардың дені сымды құлаққаптың осы «қасиетін» приоритет ретінде көрсеткен.

Одан кейін Bluetooth құрылғыларындағы басты кемшілік – байланыс үзіліп, қоңырауға жауап бергенде бірнеше минут күту пайдаланушыларды мезі еткен.

Әрине, дыбыс сапасы да кейде көңіл көншітпейді. Қысылмай, дауысың естіліп тұрғанын біліп сөйлесудің өзі ғанибет. Өйткені сымды құлаққаптан дауыс әлдеқайда таза естіледі. Әсіресе, музыка тыңдаған жеңіл.

фото: Getty Images

Сымды құлаққаптың тағы бір артық тұсы – бағасы.

Сымсыз құлаққапқа қарағанда бағасы әлдеқайда арзан. Тозбайды, жиі сүртіп-тазаласаңыз, ұзақ уақыт кәдеңізге жарайды. Экобелсенділер үшін де таптырмас нұсқа. Себебі сымды құрылғыда батарея жоқ, соған сай экологияға да зияны жоқ.

Оған қоса зумерлер  2000 жылдардағы эстетиканы қайта сәнге айналдырды. Соның ішінде сымды құлаққап та тасада қалған жоқ. Белі төмен джинса шалбар, қысқа топ, үлкен дөңгелек сырға –  қайта трендте.

Жұлдыздар құлаққап таққанда...

Өнер жұлдыздары да сымды құлаққапқа көшті. Бұл трендтің кең таралуына олардың да әсері бар. Мұндай құлаққап ыңғайлы ғана емес, сенің көзқарасыңды айқындап тұратын белгі сияқты. Өйткені әртістердің бір бөлігі Bluetooth-ға «қырын» қарайтынын білдірді.

Зендая

фото:Getty Image

Голливуд жұлдызы Зендая сымды құлаққапты жиі пайдаланады. Оны мерекелік іс-шарадан, күнделікті образынан, Met Gala (2025) сынды ауқымды кештерден байқауға болады

Хейли Бибер

фото: Legion Media

Иә, Хейли Бибер не кисе, сол сәнге айналатыны бар. Оның Adidas шығарған спорт шалбарын лезде танымал еткенін еске түсіріңіз. Хейли сымды құлаққапты жиі қолданады. 

Бэлла Хадид

фото: Vogue

Танымал модель Бэлла Хадид те  – сымды құлаққаптың фанаты. 

Лили Роуз Депп

фото:Point

Лили Роузды да сымды құлаққаппен жиі байқаймыз.

Дрейк

фото:Point

Дрейк Bluetooth-ға «қырын» қарайтынындардың қатарын толықтырады. 

ChanellNews мәліметінше, 2026 жылдың басында сымды құлаққап сатылымы 20%-ға өскен. Әрине, нарық әлі де сымсыз құлаққап билеп тұр. Десе де, техннологиядан шаршаған аудитория біртіндеп сымды құлаққапқа акцент қойып жатыр. 

Оқи отырыңыз