Жаңалықтар

Қызылордадағы мұнай компаниясы 1 млрд теңгеден астам айыппұл төледі

Агенттіктің ақпаратына қарағанда, тексеру нәтижесінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану заң бұзушылықтары анықталды.
Қызылордадағы мұнай компаниясы 1 млрд теңгеден астам айыппұл төледі
Фото: дереккөз 29.09.2022 03:31 1844

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қызылорда облыстық прокуратурасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті мамандарымен бірлесіп, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды EL.KZ.

Агенттіктің ақпаратына қарағанда, тексеру нәтижесінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану заң бұзушылықтары анықталды.

Атап айтқанда, 2021 жылы Қызылорда облысы және оңтүстік макро өңір аумағында «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС электрондық сауда алаңдары арқылы сұйытылған мұнай газын өткізу кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұрумен айналысқан.  

Нәтижесінде, Қызылорда облыстық сотының қаулысына сәйкес «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-і Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылығын жасау бойынша кінәлі деп танылып, 126,6 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды және монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған – 881,4 млн теңге монополиялық табысы мемлекет пайдасына тәркіленді.

«ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-і тарапынан соттың санкциясында көзделген әкімшілік айыппұл және монополиялық табыс өз еркімен мемлекет бюджетіне төленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға