Жаңалықтар

Қызылордадағы «Атамекен» балалар ауылында Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордадағы «Атамекен» балалар ауылында Алғыс айту күніне арналған мерекелік концерт өтті
27.02.2019 11:11 3226

1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Қызылордадағы «Атамекен" отбасылық үлгідегі балалар ауылында мерекелік концерт өтті. Оған облыстық этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылды. Концерт барысында балалар ән салып, би билеп, көп жылдар бұрын тағдыр тәлкегіне ұшыраған халықтың өмірі жайында қойылым көрсетті.

Әндері мен өлең жолдары арқылы балалар  бір-біріне және тәрбиешілеріне  алғыстарын білдірді. Қойылымдарында репрессия жылдарында түрлі этностардың көрген азабы мен ауыртпашылығын анық бейнелеген балалар ауылының тәрбиеленушілері өздерінің таланты мен шеберлігін танытты.

«Біздің балалар республикалық және облыстық сайыстарда бірнеше мәрте би билеу мен сурет салудан жеңімпаз атанды», - деді балалар ауылының меңгерушісі Лиза Сқақова. Концерт қонақтары керемет кешті ұйымдастырған балаларға алғыстарын білдіріп, «Атамекен» ауылының ұжымына ақ тілектерін білдірді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға