Жаңалықтар

Қызылорда облысында есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Қызылорда облысында есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Фото: Polisia.kz 17.10.2022 19:08 1796

Қызылорда облысында есірткінің ірі партиясын сақтағаны үшін тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қарасора-2022" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда облысы ПД ЕҚҚІҚБ, ҚР Ұлттық ұланның "Бүркіт" АЖ және Жаңақорған АПБ-нің қызметкерлері бірлесіп, облыс тұрғынының тұрғылықты жерінен 84 дана сіріңке қораптарына салынған салмағы 359 гр. "кептірілген марихуана" анықталып, оқиға орнында ұсталды. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға