Жаңалықтар

Юрий Шевчук қазақ тілінде ән шырқады

Юрий Шевчук қазақ тілінде ән шырқады
Фото: instagram.com/ddt_band 28.08.2023 10:35 851

Family Rock Fest-те өнер көрсеткен ДДТ тобының солисі Юрий Шевчук қазақша ән айтып, жанкүйерлерінің алғысына бөленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара Қапшағай су қоймасының жағалауында өтті.

Шевчук өзінің «Ты не один» әнін қазақ тілінде шырқады. Бұл туынды «Наше радио» тыңдарманының нұсқасымен ХХ ғасырдағы орыс рогындағы үздік 100 әннің қатарына енген.

Юрий Шевчук нағыз адам ғой, мен оны сол үшін де ерекше құрметтеймін әрі жақсы көремін. Бізде оны ерекше құрметтейді және концертін асыға күткенбіз, – деп жазды топтың жанкүйерлері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға