Жаңалықтар

Юлия Путинцева WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады

Юлия Путинцева WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 23.09.2023 03:13 506

Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанжчоу (Қытай) WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 27-інші, жарыстың 1-ракеткасы, Польша өкілі Магда Линетпен бетпе-бет келді.

М.Линетт 6:2, 6:3 есебімен Ю.Путинцеваның жолын кесті. Магда 1 сағат 16 минутқа созылған бәсеке барысында 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Қазақстандық теннисші 3 брейк-пойнтты мүлт жіберді.

М.Линетт финалда дүниежүзілік рейтингте 88-орында тұрған қытайлық Сиюй Ван немесе әлемнің 68-ракеткасы Гретье Минненнің бірімен (жеңгенімен) кездеседі.

Юлия Путинцева аталған додада жартылай финалға дейін жетуінің нәтижесінде қазір WTA Live рейтингісінде 72-орынға көтерілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға