Жаңалықтар

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирді сәтті бастады

Юлия Путинцева Қытайдағы турнирді сәтті бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 19.09.2023 20:50 354

Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева Гуанчжоу (Қытай) WTA 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші турнирдегі алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 123-орында тұрған корт иесі Ю.Сяодимен өткізді.

Тартысты өрбіген бірінші партияда Ю.Путинцева 6:4 есебімен басым түсті.

Екіншісінде тіпті бет қаратқан жоқ – 6:0.

Бір сағат 41 минутқа созылған кездесуде Юлия 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, даниялық Клара Таусонмен сынға түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға