Жаңалықтар

Юлия Путинцева Бирмингем турнирін жеңіспен бастады

Юлия Путинцева Бирмингем турнирін жеңіспен бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 21.06.2024 07:23 464

Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде өзінен екі саты төмен тұрған франциялық Клара Бюрельдің осал тұсын тапты.

Бірінші партияда есеп 3:3 болғаннан кейін Путинцева күш алып кетті – 6:3. Екіншісінде де сол қарқынынан тана қойған жоқ – 6:4.

Юлия ширек финалға шығу үшін әлемдік рейтингіде 47-орындағы украиналық Ангелина Калининамен жолығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға