Жаңалықтар

Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті

Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 01.10.2023 23:20 490

Қазақстанның екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 30-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасты.

Жекпе-жектің фавориті чехиялық спортшы саналғанымен, Юлия Путинцева 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 7 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Юлия 13 брейк-пойнттың бесеуін мүлтіксіз пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Юлия Путинцева 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, франциялық Каролин Гарсия немесе рейтингте 88-орында тұрған украиналық Катерина Байндлдің біреуімен таласады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға