Жаңалықтар

Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирдің алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты

Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирдің алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты
Фото: sports.kz 04.02.2024 00:00 540

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабидегі турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз испандық спортшы Ребека Машаровамен кездесіп, үш сетте 7:6, 4:6, 2:6 есебімен жеңілді. Матч жартылай финалдың іріктеу кезеңінде өтіп, 2 сағат 11 минутқа созылды.

Ойын барысында қазақстандық спортшы үш рет қос қателік жасады.

Еске сала кетейік, іріктеу финалында испандық спортшы британдық теннисші Хизер Уотсонға қарсы ойнайды.

Оқи отырыңыз: 

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Теннис: Аргентинамен өтетін матчта Қазақстан құрамасына өзгерістер енгізілді

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға