«Ыстық басылады»: 14-16 шілдеге арналған ауа райы болжамы

«Ыстық басылады»: 14-16 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: Қазгидромет орталығы

Қазгидромет орталығы 14-16 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Орталықтың хабарлауынша, солтүстік өңірлерде ыстық басылып, жаңбыр жауады. 

Қатты ыстықтан кейін Қазақстанның солтүстік аймақтарына-солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдермен жаңбыр, найзағай, 15-16 шілдеде жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің қатты күшеюі, сондай-ақ ауа температурасы күндізгі уақытта жайлы 25-30 градус жылыға дейін төмендеуі болжанады, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ орталық еліміздің оңтүстігіндегі ауа райы болжамын ұсынды. Олардың айтуынша, оңтүстік тұрғындарын ыстық ауа-райы күтеді. Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне құрғақ ауа массалары Өзбекстан аудандарынан келіп, ыстық ауа-райын негізінен жауын-шашынсыз сақтайды. Күндізгі уақытта термометрлердің бағандары еліміздің оңтүстігінде 40-45 градус, шығыста 33-38 градус ыстық болады.

Астана: 

Астанада 14 шілде күні +37 +39  градус жылы, күн бұлтанып, жаңбыр жауады. 15 шілдеде күн бұлтты болғанымен, +35 +37  градус  жылы. 16 шілдеде күн бұлтанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +30 +32 градус  жылы.  

Алматы: 

Алматыда 14 шілде күні +34+36 градус жылы, күн бұлтанып, жаңбыр жауады. 15 шілдеде күн бұлтты болғанымен,+34+36 °C градус  жылы. 16 шілдеде күн бұлтанып, күндіз ауа температурасы +36+38  градус  жылы.  

Шымкент: 

Шымкентте бүгін шіліңгір шілде ауа температурасы +39+41  градус жылы. 15 шілдеде күн қатты ысиды, күндізгі ауа райы  +40+42  градус  жылы. 16 шілдеде күн қатты ысып, термометр бағаны +42+44 градусты көрсетеді. 

Оқи отырыңыз