Жаңалықтар

Ыстанбұлда Қазақстандық студенттердің құрылтайы өтті

Ыстанбұлда Қазақстандық студенттердің құрылтайы өтті
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 03.10.2023 22:18 1048

Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Ыстанбұлдағы бас консулдығының қолдауымен «Бірлік қазақ жастары» студенттер ұйымы Ыстанбұлда Қазақстан студенттерінің құрылтайын өткізді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Құрылтайдың басты мақсаты – Түркияда білім алып жатқан және осы жылы оқуды бастаған жастарымыздың өзара бастарын қосып, оларға бағдар беру.

Жиынға Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл, қоғам қайраткерлері және жергілікті қазақ диаспорасының бірқатар белсенді азаматтары қатысты.

Бұл іс-шараға жиналған студенттердің басым көпшілігі Ыстанбұлға жаңадан келіп жатқан жастар болғандықтан бас консул Н. Аманқұл оларды жаңа оқу жылымен құттықтады және шетелде жүргенде болу елінің заңдарын қатаң сақтау керектігін ескертті. Сондай-ақ, студенттерге консулдық тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетіндігін жеткізіп, алдағы уақытқа ортақ іс-шаралар өткізу мәселесі талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға