Жаңалықтар

Ыстамбұлдың басты символы туристер үшін жабылды

Ыстамбұлдың басты символы туристер үшін жабылды
Фото: © Pixabay.com 23.02.2024 14:53 580

Ыстамбұлдағы Галата мұнарасының есігі туристер үшін бір айға жабылды. Бұл туралы Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің ресми деректеріне сүйене отырып El.kz ақпарат агенттігі мәлімдеді.

Түркияның ең көрнекті жерлерінің бірі болып саналатын мұнараның сегізінші қабаты 2023 жылдың қараша айынан бастап жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Мақсаты - нысан шатырын қалпына келтіру.

Бұл жолғы жұмыс нысанның сейсмотұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады. Сонымен қатар мұнараның қасбетін реставрациялау жоспарланып отыр.

Галата мұнарасы наурыз айының соңында туристер үшін есігін айқара ашпақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға