Жаңалықтар

Ыстамбұл әуежайында 568 кг есірткі тәркіленді

Ыстамбұл әуежайында 568 кг есірткі тәркіленді
Фото: t.me/ru2ch 22.01.2024 09:00 770

Түркияның Ыстамбұл әуежайында шекара қызметкерлері жарты тоннадан астам есірткі анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шекарашылар барлығы 568 килограмм есірткі заттарын тәркілеген. Ал олардың құны 68 миллион түрік лирасына тең (1 миллиардтан астам теңге).

Естеріңізде болса, 2023 жылғы желтоқсанда осы әуежайдың жүк терминалында рекордтық көлемде, яғни 1,7 тоннаға жуық есірткі анықталған. Жүк Индонезиядан АҚШ-қа жөнелтілген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға