Жаңалықтар

Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді

Қырғызстан мен Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары сағат 16:00-де атысты тоқтату туралы келісімге келді.
Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді
Фото: Әлеуметтік желіден 17.09.2022 00:10 921

Қырғызстан мен Тәжікстан екі ел шекарасындағы атысты тоқтатуға келісті, деп хабарлайды El.kz.

«Қырғызстан мен Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшылары Камчыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов сағат 16:00-де атысты тоқтату туралы келісімге келді», - деп хабарлады Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін 16 қыркүйек күні сағат 14:00-де Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті тәжік шекарашылары Баткен ауданы Достук ауылындағы мектеп ғимаратын басып алғанын хабарлаған еді.

Агенттіктің мәліметінше, Тәжікстан әскерилері шекаралас ауылдардың елді мекендерінен олардың позицияларына жауап оқ жаудырған. Бішкек Тәжікстан өзінің бейбіт тұрғындарын адамды қалқан ретінде пайдаланып жатқанын айтты.

Душанбе өз кезегінде «Қырғызстанның әлеуметтік желілерде таратқан арандатушылық ақпараты екі елдің мемлекеттік шекарасындағы жағдайды қиындатуға бағытталғанын» алға тартты. Тәжікстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, Қырғызстан әскерилері Тәжікстан Республикасының біржақты атысты тоқтату келісіміне екі рет қарудың барлық түрінен қарқынды атыспен жауап беріп, Тәжікстанның елді мекендерін атқылаған.

Еске салайық, қырғыз-тәжік шекарасындағы атыс 14 қыркүйек күні таңертең басталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға