Жаңалықтар

Үйінде есірткі өсірген шымкенттік бір жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында 56 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты
Үйінде есірткі өсірген шымкенттік бір жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: polisia.kz 10.10.2022 12:23 985

Үйінде есірткі өсірген шымкенттік бір жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында 56 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол өз үйінің ауласында бір түп есірткі өсіріп, жеке өзі пайдалану үшін оны күтіп-баптаған. Алайда оның ойы іске аспай, полиция қызметкерлерімен анықталып, тәркіленіп алынды. 

Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған. Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, бұрын өзі есірткі затын қолданғандықтан, үйінің ауласында өсіргенін және бұл үшін қатты өкінетінін көрсеткен. 

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен ер азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігінде (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 Сонымен қатар, тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, оның тұрақты жұмыс орны болғанға дейін жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жергілікті атқарушы органдар айқындайтын қоғамдық орындарда жыл сайын 100 сағатқа, күніне төрт сағаттан артық емес мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға