6-15 наурыз күндері Милан және Кортина-д’Ампеццо (Италия) қалаларында XIV қысқы Паралимпия ойындары өтеді. Ашылу салтанаты 6 наурыз күні Верона Олимпиадалық аренасында белгіленген. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын паралимпиадашылардың тізімі жарияланды.
Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі додада 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 600-ден астам спортшы бақ сынайды. Биыл ойын бағдарламасына пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енгізілген.
Қазақстан құрамасы пара шаңғы мен пара биатлон бойынша сынға түседі. Ұлттық құраманың сапына Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Владислав Кобаль енді. Олар қазір Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Айта кетерлігі, 2022 жылы Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында бес спортшы қатысты: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Паралимпиадашылар екі шаңғы жарысы мен парабиатлонда өнер көрсетті. Туды пара шаңғы жарысы бойынша Әлем Кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шықты. Нәтижесінде, 10 шақырымға биатлон жарысына қатысқан Александр Герлиц қола медаль алды. Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 17 орынға жайғасты.
XIV қысқы Паралимпиада ойындары: Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады