WTT Youth Contender турнирі: Қазақстан құрамасы 7 медаль жеңіп алды
02.06.2025 02:19
6991

Фото: ҰОК
Өзбекстан астанасы Ташкентте үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдеге ие болды. Атап айтар болсақ, 1-орынды Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін), Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова (аралас жұптар, 19 жасқа дейін), сондай-ақ Аделя Алжанова (11 жасқа дейін) жеңіп алды. Ал күміс жүлдені Назерке Болатбек (11 жасқа дейін) иеленді.
Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) қола жүлдені қанағат тұтты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда үй аумағындағы монша өртенді
Келесі жаңалық
Кирсти Ковентри ресми түрде ХОК президенті атанды