Жаңалықтар

WhatsApp-та домофонды ауыстыру туралы жалған хабарлама тарады

WhatsApp-та домофонды ауыстыру туралы жалған хабарлама тарады
Фото: t.me/KZgovernment 24.08.2023 11:13 812

Полиция WhatsApp желісінде тарап жатқан домофонды ауыстыру туралы хабарламаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының мессенджерлерінде QR-код көрсетілген домофонды ауыстыру туралы хабарландырудың фотосуреті тарап жатыр.

Әлеуметтік желілерде желі қолданушылары домофонды ауыстыру туралы басқарушы компаниялардың бірінің хабарландыруын таратуда. Таратылып жатқан хабарландыру нақты ақпарат емес. Осы сияқты хабарландыруларда көрсетілетін QR-кодтарды сканерлемеңіздер және күмәнді сілтемелер арқылы өтпеңіздер. Адамдардан тек ресми ақпаратқа сенуді не болмаса домофонды жөндеумен айналысатын қызмет көрсетуші компанияларға хабарласуын сұраймыз, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Айта кету қажет, осыған ұқсас хабарландыру соңғы уақытта көрші елдердегі желі қолданушыларының арасында, атап айтқанда, ресейлік пабликтерде және ВКонтакте желісіндегі қауымдастықтарда да белсенді тарауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға