WhatsApp кейбір телефондарда жұмыс істемейтіні рас па?

 Жи көмегімен жасалды
Фото: Жи көмегімен жасалды

WhatsApp мессенджері биыл 8 қыркүйектен бастап кейбір ескі смартфондарда жұмысын тоқтатады. 

WabeTaInfo басылымының мәліметінше, аталған күннен бастап WhatsApp Android 5.0 және Android 5.1 операциялық жүйелерінде қолжетімсіз болады. Қосымшаны пайдалану үшін ең төменгі талап Android 6.0 болмақ.

Қазір WhatsApp Android 5.0 және одан жоғары нұсқаларда жұмыс істейді. Соның арқасында көптеген ескі құрылғы иелері мессенджерді әлі күнге дейін пайдаланып келеді.

Мамандардың айтуынша, WhatsApp-тың жаңа функциялары мен мүмкіндіктері заманауи технологиялар мен жоғары өнімділікті қажет етеді. Осыған байланысты компания ескірген операциялық жүйелерді қолдаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған.

Жаңа шектеулер күшіне енгенге дейін пайдаланушыларға чат тарихын сақтап қою ұсынылады. Ол үшін қосымша баптауларындағы Google Drive қызметі арқылы резервтік көшірме жасауға болады.

Айта кетейік, бұл өзгерістер тек Android құрылғыларына қатысты. iOS операциялық жүйесінде WhatsApp iOS 15.1 және одан жоғары нұсқаларда жұмысын жалғастыра береді.

Ескі телефонды қалай кәдеге жаратамыз?

«Байтақ» жасылдар партиясының мәліметінше, ескірген, енді қолданбайтын смартфонды қалдықтармен бірге қоқысқа тастаудың қажеті жоқ. Оларды пайдаға жаратудың қауіпсіз әрі тиімді жолдары бар.
Мысалы, «ескі жабдықтарды өткізіп, жаңа құралға жеңілдік ал» деген сияқты көптеген сауда бағдарламаларын пайдалануға болады.
 
Смартфон әртүрлі материалдардан, соның ішінде қарапайым және бағалы металдардан тұрады. Қайта өңделетін пластмассалардан, шыныдан, композиттік материалдардан және батареялардан құралады. Ішінде қауіпті химиялық заттарда бар. Оларды жою мәселесіне мұқият қарау керек. Өйткені, бұл қоқыс полигондарына түсетін салмақты және жалпы экологиялық тазалықты сақтауға бағытталған кішкентай қадам.
 
Сіз гаджетті ескі құрылғылар қабылданатын қызмет көрсету орталығына «бөлшектеуге» бере аласыз. Мұнда келген смартфондар арнайы каталогқа енгізіледі. Содан кейін, олар осындай заттарды жоюмен айналысатын кәсіпорындарға жіберіледі. Барлық бөлшектер ұсақталып, жойылады. Бірақ батареялар қауіпті қалдықтардың жоғары класы ретінде ерекше жолмен утилизацияға жіберіледі.

Оқи отырыңыз