Жаңалықтар

«Westoil Software» компаниясы бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдайды

«Westoil Software» компаниясы бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдайды
Фото: West Oil Software 29.02.2024 20:00 380

«Westoil Software» компаниясы наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген 50 адам қызметтен босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін, 29 ақпанда, «Westoil Software»компаниясы жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан үміткерлермен әңгімелесуді бастады. Қызметкерлер заңсыз наразылық акциясына қатысқанына қарамастан, біз оларға жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін келісім комиссиясы арқылы қайта жұмыс орындарына оралуға мүмкіндік береміз, - делінген мәліметте.

Компания пайда болған бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеу заңсыз наразылық акциясына қатысушылармен еңбек шарттары бұзылған және оларды жұмысқа кезекке тұрған азаматтармен ауыстырған кезде кезең-кезеңімен жүргізілетінін алға тартты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға