Жаңалықтар

«Westoil Software» ереуілге шыққандардың орнына 20 адамды жұмысқа қабылдады

«Westoil Software» ереуілге шыққандардың орнына 20 адамды жұмысқа қабылдады
Фото: Westoil Software 06.03.2024 16:55 438

Жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 азамат Westoil Software мекемесіне жұмысқа орналасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін 6 наурызда жұмыссыздық тізімінде кезекте тұрған 20 адам WestoilSoftware компаниясына жұмысқа орналасты.

Компания директорының орынбасары Ақылбек Садуевтің айтуынша, жұмысқа орналасуға үміткер 75 азаматтың 20-сы әңгімелесудің барлық кезеңдерінен өтіп, жұмыстарына кірісті.

Бірінші кезекте жұмыс тәжірибесі мен біліктілігі компанияның талаптарына сәйкес келетін 20 адам іріктелді. Қазіргі таңда олар жұмыс орындарына бөлінді, барлық құжаттарын жинап, физикалық тексеруден өткеннен кейін жұмыстарына кіріседі, - деді Ақылбек Садуев.

Компания заңсыз наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген адамдардың орнына кезең-кезеңімен мамандар жинайтынын атап өтті.

Ал жұмысын жалғастырғысы келетін жұмысшылардың бос лауазымдарға өзге азаматтар жұмысқа қабылданғанға дейін жұмысына қайта оралуына мүмкіндігі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға