Жаңалықтар

Волейболдан VI Жазғы спартакиада Таразда өтіп жатыр

Волейболдан VI Жазғы спартакиада Таразда өтіп жатыр
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 27.05.2023 13:51 698

Таразда волейболдан Қазақстан Республикасының VI Жазғы спартакиадасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасында 13 команда: Жамбыл, СҚО, Жетісу, Атырау, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Павлодар облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары бақ сынауда.

Әйелдердің бәсекесінде 14 ұжым: Жамбыл, БҚО, СҚО, ШҚО, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан облыстарының және Астана, Алматы, Шымкент шаһарларының құрамалары өнер көрсетіп жатыр.

Командалар алдымен 4 топқа бөлініп, іріктеу ойындарын өткізеді. Топта 1-2 орын иеленген ұжымдар 1-8 орындар үшін таласады.
Волейбол Спартакиадасы 3 маусым күні аяқталады.

Сонымен қатар, Таразда Спартакиада аясында тағы 2 спорт түрінен жарыстар өтеді. 29 мамыр – 4 маусым аралығында су добының сайыстары, 30 мамыр – 3 маусымда дзюдо бәсекелері жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға