Жаңалықтар

Вице-премьерлер неге министрлік қызметтерінен айырылды

Вице-премьерлер неге министрлік қызметтерінен айырылды
Фото: primeminister.kz 06.09.2023 12:45 516

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында «вице-премьерлерден министрліктерді алып тастау қызметтік лауазымның төмендеуі ме?» деген сауалға жауап берді.

Бұл – саяси шешім. Бірақ бұл министрлікте де, Үкіметте де қатар жұмыс істеген әріптестерге бір жұмысқа бар назарды аударуға мүмкіндік береді. Іссапар көп. Серік Мақашұлы (Жұманғарин – ред.) үнемі іссапарда жүреді. Бұл адамды қажытады, тиісінше өз салаңды дамытуға, министрлікпен жұмыс істеуге уақыт аз қалады. Енді жұмыс жүйелірек болады, бұл дұрыс шешім деп ойлаймын, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға