Жаңалықтар

Вице-премьер "Қытаймен шекарадағы кеденді Назарбаевтар отбасы басқарып отыр ма?" деген сауалға жауап берді

Вице-премьер "Қытаймен шекарадағы кеденді Назарбаевтар отбасы басқарып отыр ма?" деген сауалға жауап берді
Фото: ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі 20.04.2023 14:05 1062

Бүгін Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қытаймен шекарадағы кедендегі келеңсіздіктер туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халық арасында Қытаймен шекарадағы кеденді Назарбаевтар отбасы мен оның айналасы бақылады деген сыбыс бар. Сіздердің тарапыңыздан қандай да бір тексеріс жүргізіліп жатыр ма?, - деп сұрады тілшілер министрден.

Ол сұраққа тіке жауап берген жоқ. Бірақ кеден саласындағы былықтар болғанын және тілшінің бенфицарды дұрыс айтқанын меңзеді. Былтыр президент кеден саласында тәртіп орнатуды тапсырған болатын. Осыған байланысты бас прокуратура, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген тексеріс барысында көптеген заңбұзушылық анықталғанын жеткізді.

Жұмыс тобы құрылды. Барлық анықталған факті құқық қорғау органдарына тапсырылды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бюджет заңбұзғандар тарапымен дер кезінде төленбеген сомамен толықты. Өткен жылы шекарадағы құқықбұзушылыққа байланысты шамамен 50 миллиард теңге өндірілді. Заң бұзған бірнеше экономикалық операторлар болды. Сіз осының басында тұрған бенефициарларды өзіңіз атадыңыз, -деді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, 15 экономикалық оператордың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Министр толық ақпаратты құқық қорғау органдарынан сұрауды өтінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға