Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Қосшыдағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралады

Салынып жатқан жаңа нысандар жоспарға сәйкес жұмыс жасап жатыр
Ералы Тоғжанов Қосшыдағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралады
Фото: Артем Чурсинов 23.08.2022 11:38 1509

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елорда мен Қосшы қаласында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты, деп хабарлайды El.kz.

Ералы Тоғжанов Қосшыдағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралады

Вице-премьердің сөзінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың сәуір айында жасаған іс-сапар қорытындысы бойынша Қосшы қаласындағы бірнеше мәселелерді, оның ішінде мектептердегі үш ауысыммен оқу режимін қарастырып, оны шешуге тапсырма берген. 

«Қазір Нұр-Сұлтан маңында бірнеше қала бар. Солардың бірі – Қосшы қаласы. Қысқа уақыт ішінде халықтың саны 7 мыңнан 65 мыңға дейін өсті. Осы жердегі күрделі мәселелерді шешуге келіп отырмыз. Жылдың соңына дейін Қосшыда үш ауысымды мектептердің мәселесі шешімін табады», – дейді Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ ол Қосшы қаласындағы 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап бір ауысымда 100 адамды қабылдайтын емхананың жұмысқа дайындығымен танысты. Жобаны іске асыру үшін 1,5 млрд теңге қаржы жұмсалған. Аталған нысан 2022 жылы ашылады.

Ералы Тоғжанов Қосшыдағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралады

Одан бөлек премьер-министрдің орынбасары қалада орналасқан 150 камерадан тұратын жаңа полиция бөлімінің ғимаратына да барды. Бұл жердің құрылыс жұмысы 1 айдың ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға