Жаңалықтар

Вице-министр Қазақстаннан қандай тауарлар шетелге жиі экспортталатынын айтты

Вице-министр Қазақстаннан қандай тауарлар шетелге жиі экспортталатынын айтты
Фото: © Pixabay.com 28.03.2024 13:01 325

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Сенат кулуарында елімізде экспорт бойынша қандай отандық тауарлардың көш бастап тұрғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Төребаев шетелге ең көп жөнелтілетін тауарлардың тізімін атады.

Ең бастысы, бұл, әрине, түсті және қара металдар, олар үздік бестікке сәйкес келеді. Астыққа келетін болсақ, астық бойынша біз әлемдегі ең ірі өндірушілердің біріміз, бірақ ол Қазақстан экспортында шешуші рөл атқармайды. Металдар халықаралық әдіснама бойынша қайта өңделген өнім болып саналады, - дейді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың Қазақстанда мопедтерді басқару қағидаларын қатаңдату жөніндегі жоспарымен бөліскені жайлы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға