VIN-кодты тексермей көлік алудың қаупі қандай?

 жасанды интеллектпен жасалды
Фото: жасанды интеллектпен жасалды

Қазақстанда жүрілген көлік алатындар көп. Бағасы жаңа көлікке қарағанда қолжетімді болғанымен, мұндай сатып алуда тәуекел де аз емес. Себебі сырт көзге жақсы көрінген көліктің бұрын қандай жағдайда болғанын бірден білу қиын. Мамандардың айтуынша, көлік аларда ең көп жіберілетін қателіктің бірі – оның тарихын тексермеу.

Сатушының сөзіне сенбеңіз

Жүрілген көлік сататындардың арасында «сіз ғана иесі болған», «мінуге дайын» деп айтатындар көп. Бірақ мұндай ақпараттың бәрі шын бола бермейді. Кей жағдайда көліктің жүрісі азайтылып көрсетіледі, бұрын болған ақаулары жасырылып қалады немесе көлік қысқа уақыт ішінде бірнеше рет сатылған болып шығады.

Сатып алушы мұны көбіне көлікті алғаннан кейін ғана байқайды. Кейде көлікті алғаннан кейін арада бірнеше ай өтпей жатып қымбат жөндеу жұмыстары шығып, сатып алушы көліктің шынайы бағасы төленген ақшасына сай келмегенін түсініп жатады.

Сырты жылтырына алданып қалмаңыз

Қазір көлікті жөндеп, апат іздерін жасыру қиын емес. Бояуы жаңарып, сырттай мінсіз болып тұруы мүмкін. Бірақ бұл оның қауіпсіз екенінің дәлелі болмайды.

Мысалы, кей көліктер ауыр жол апатынан кейін қайта қалпына келтіріледі. Шанақтың негізгі бөліктері зақымдануы, қауіпсіздік жастықтары істемей қалуы немесе электроникасында ақау болуы мүмкін.

Техникалық тексеріс көліктің қазіргі күйін көрсеткенімен, оның бұрын қандай жөндеуден өткенін немесе қандай апатқа түскенін толық анықтай бермейді.

Құжатты үстіртін тексеру жеткіліксіз

Көп адам VIN-код пен техникалық төлқұжаттағы нөмір сәйкес келсе, сонымен шектеледі. Бірақ көліктің заңды мәселесі болуы да мүмкін.

Мәселен:

  • көлік банкте кепілде тұруы;
  • тіркеуге шектеу қойылуы;
  • арестте болуы;
  • сот дауына қатысы болуы;
  • тіпті ұрланған көлік ретінде тіркелуі ықтимал.

Мұндай жайттар көбіне көлікті өз атына рәсімдеу кезінде ғана анықталады.

Автосарапшы Тимур Мұстафаевтың айтуынша, мәселе ақпараттың жоқтығында емес, адамдардың оны пайдаланбауында.

Қазір көлік туралы мәлімет алуға мүмкіндік бар. Бірақ көп адам тексеруге уақыт бөлмейді. Соның салдарынан жүрісі өзгертілген немесе заңдық мәселесі бар көліктер сатылып кетіп жатады. Ал толық ақпарат болған кезде сатып алушы көліктің нақты жағдайын бағалап, күмәнді мәміледен бас тарта алады, – дейді ол.

Autocheck.kz не көрсетеді

Қазір көліктің тарихын алдын ала тексеруге мүмкіндік беретін сервистер бар. Соның бірі – Autocheck.kz.

Сервис VIN-код арқылы көлік туралы толық есеп дайындайды. Онда техникалық жағдайы, бұрынғы апаттары, тіркеу тарихы және заңдық мәртебесі сияқты мәліметтер көрсетіледі. Есеп шамамен бір минут ішінде дайын болады.

Қызмет түрлі дереккөзбен жұмыс істейді. Оның ішінде:

  • автосалондар базасы;
  • техникалық қызмет көрсету тарихы;
  • сақтандыру компанияларының мәліметі;
  • ІІМ базалары;
  • ашық хабарландыру платформалары;
  • халықаралық дерекқорлар бар.

Неге VIN-кодты алдын ала тексерген дұрыс

Мамандардың айтуынша, көлік алар алдында оның тарихын тексеру кейінгі артық шығын мен қиындықтан сақтайды.

Атап айтқанда:

  • проблемалы көлік алу қаупін азайтады;
  • көліктің нақты бағасын түсінуге көмектеседі;
  • заңдық мәселеден қорғайды;
  • сатушымен баға келісуге мүмкіндік береді.

Жүрілген көлік таңдағанда тек сыртқы көрініске қарап шешім қабылдау қауіпті. Сол себепті қазір сатып алушылар көліктің тарихын алдын ала тексеріп, VIN-код арқылы толық ақпарат алуға көбірек көңіл бөледі.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде ең көп өндірілетін көлік түрлері туралы жазған едік. 

Оқи отырыңыз