Жаңалықтар

Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко Әлем Кубогында топ жарды

Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко Әлем Кубогында топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 28.05.2023 17:20 550

Алматы қаласында өтіп жатқан стенд атудан әлем кубогының кезеңдік сайысында отандастарымыз Виктор Хасянов пен Мария Дмитриенко

алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, қазақстандық сплортшылар трап бағдарламасында аралас жұптар арасында ешкімге дес берген жоқ.

Бұл осы бəсекеде Ұлттық құрама қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін Əсем Орынбай скит жаттығуында топ жарған. Сосын Эдуард Ещенко екеуі жұптық сында күміс жүлдегер атанды.

Алматыда өтіп жатқан дода ертең мәресіне жетеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға