Викингтер мундиальға бара жатыр: Норвегия құрамасы көпшілікті таңғалдырды

 Норвегия құрамасының Instagram парақшасы
Фото: Норвегия құрамасының Instagram парақшасы

Әлем чемпионаты алдында ұлттық құрамалар өзара жарысып жатқандай. Статистикамен емес, маркетинг құралдарын пайдалану арқылы бірінен бірі өтетін контент жасап жүр. Түркия құрамасы ескі һәм жаңа ойыншыларының тандемін көрсетіп, айналаны қызылға бояса, Норвегия құрамасы тегіне, қайдан шыққанына назар аудартты. 

Норвегия құрамасы викингтер стилінде киініп, фотосессия жасады. Басты кейіпкер – «Манчестер Сити» клубының жұлдызы Эрлинг Холанн. Столе Сольбаккен шәкірттері қару-жарақ асынып, теңіз жағасында суретке түскен. Жігіттер викингтердің киімін киіп, спорт пен мәдениеттің біртұтас екенін дәлелдеді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 433 (@433)

Фотосессияны ресми парақшасына жариялап, «Норвегия келе жатыр» деп жазған. Осындай қадаммен-ақ жай келе жатпай, тұтас бір елдің арманын арқалап бара жатқанын нұсқады. 

Норвегия құрамасы сенсация жасап, 28 жылдан кейін әлем чемпионатына жолдама алды. Іріктеудегі 8 матчта 24 ұпай жинады. Әсіресе Италия құрамасын 4:1 есебімен тас-талқан еткені елдің есінде қалды. Олар осы әлем біріншілігінде I тобында өнер көрсетеді. 17 маусым күні – Иракпен, 23 маусымда – Сенегалмен, 27 маусымда Франция құрамасымен ойнайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Erling Braut Haaland (@erling)

Айта кетейік, әлем чемпионаты 11 маусым – 19 шілде аралығында Америка, Мексика және Канада елдерінде қатар өтеді. 

Оқи отырыңыз