Жаңалықтар

«ВИЧ-пен ауырған»: базардан басы табылған әйел туралы жаңа дерек шықты

«ВИЧ-пен ауырған»: базардан басы табылған әйел туралы жаңа дерек шықты
Фото: Видеодан кадр 26.04.2023 10:45 697

Алматының Түрксіб ауданындағы базардан басы табылған әйел ВИЧ инфекциясымен ауырған. Бұл туралы марқұм уақытша паналаған әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері «Шешімі бар» бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап.

Елдің есін екеу, түсін төртеу қылған қылмыс 12 сәуірде болған еді. Марқұмды танитын Түрксіб ауданындағы дүкен сатушысы әйелдің бассыз денесін Шолохов көшесіндегі саябақтан ит тапқанын айтады.

«Тергеушілердің айтуынша, оқиға таңғы сағат 5:00-де  болған. Сағат 9:00 шамасында денесі табылған. Әйел серуендеп жүрген көрінеді. Денесін ит тауып алған», – деді сатушы Айжан.

Дене табылған жерде әлі де ұйыған қанның қалдығы бар. Ал саудагерлер бас салынған пакетте қан болмағанын айтады.

Айта кетейік, кеше Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Қаскөй 62 жаста және марқұммен таныс болған. Қылмыс жанжал кезінде жасалыпты. Өзге ақпарат жария етілмеді. Іс әлі тергеліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға