Жаңалықтар

Вейпке заңмен тыйым салынады, ал темекіге ше? Министр жауап берді

Вейпке заңмен тыйым салынады, ал темекіге ше? Министр жауап берді
Фото: Pixabay 18.10.2023 13:25 892

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният вейптерге енгізілген шектеу, неліктен темекілерге енгізілмейтініне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжіліс кулуарында журналистер Ажар Ғиниятқа «елімізде балаларға вейптерді сатуға, тұтынуға, тіпті дүкендерде сатылымын шектеуге ұсыныстар енгізіліп жатыр. Ал Денсаулық сақтау министрлігі темекілерге неліктен осындай шектеулер енгізбейді?» деп сұрақ қойды. 

Дегенмен министр бұл сұраққа нақты жауап бере алмады. 

Өздеріңіз білетіндей, темекіні де балалардың тұтынуына тыйым салынған. Ересек адамдар, ол – ересектер. Теменікінің зияны жөнінде ересектерге де ескерту жасадық. Соның аясында түрлі іс-шаралар өткіздік. Темекінің сыртына «қорқынышты» суреттер қойып, қатерлі ісік тударытынын көрсеттік. Ал балалар көп нәрсені түсінбейтіндіктен, оларға қатаң шектеулер қарастырылған, - деді министр. 

Бұған дейін мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Қазақстанда вейп сатуға тыйым салуды ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға