Жаңалықтар

Вьетнамда су тасқыны болып, 9 адам қаза тапты

Вьетнамда су тасқыны болып, 9 адам қаза тапты
01.10.2023 21:28 1085

Вьетнамның солтүстік және орталық аудандарында болған су тасқыны салдарынан 9 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, тағы бір адам хабар-ошарсыз кеткен, 10 адам зардап шеккен.

Бұл туралы Вьетнамның табиғи апаттардың алдын алу және күрес жөніндегі ұлттық комитеті мәлімдеді.

Толассыз жауған нөсер салдарынан үйлер, жолдар, су қоймалары, күріш және өзге де дақылдардың егістік алқаптары бүлінген. Үй құстары мен ірі қара малдар қырылып қалған.

Елдің бас статистикалық басқармасы табиғи апат салдарынан биыл тоғыз ай ішінде 98 адам қаза тауып немесе із-түзсіз кеткен. 103 адам жарақат алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға