Жаңалықтар

Велоспорттан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы анықталды

Велоспорттан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы анықталды
Фото: olympic.kz 25.06.2024 11:49 245

Велоспорттан Талдықорғанда өткен Қазақстан біріншілігінде екі қашықтық бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасында 178 шақырымға жарысудан Дмитрий Груздев чемпион атанды. Күміс жүлдені Глеб Брусенский, қоланы Штеин Йоган еншіледі. 

Әйелдер арасында 100 шақырымға жарысудан Рината Сұлтанова топ жарды. Сондай-ақ, Виолетте Казакова екінші, Елизавета Склярова үшінші орыннан көрінді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға