Жаңалықтар

Велоспортшы Алексей Луценко Түркияда топ жарды

Велоспортшы Алексей Луценко Түркияда топ жарды
Фото: instagram.com/lutsenko_alexey 15.10.2023 22:30 459

Түркияда өткен велоспорттан көпкүндікте жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, қазақ шабандозы Алексей Луценко топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ал соңғы кезеңде бельгиялық Йеспер Филипсен («Alpecin-Deceuninck») мәреге бірінші келді. Екінші орында «Астана» командасынан Нидерланд спортшысы Кейс Бол бар. Үздік үштікті италиялық Джованни Лонарди («EOLO-Kometa») қорытындылады.

Түркия туры. Жетінші тур

Selçuk – Izmir. 159.8 шақырым.

1. Йеспер Филипсен (Бельгия, «Alpecin-Deceuninck») – 2:57:28

2. Кейс Бол (Нидерланды, «Астана»)

3. Джованни Лонарди (Италия, «EOLO-Kometa»)

8. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана»)

Жалпы есеп:

1. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») – 30:06:58

2. Бен Цвихофф (Германия, «BORA-hansgrohe») – +0:26

3. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») – +0:51.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға