Жаңалықтар

Велошабандоз Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды

Велошабандоз Евгений Фёдоров Азия чемпионы атанды
Фото: Olympic.kz 10.06.2023 15:19 405

Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясы сары құрлық біріншілігінде қазақстандық велошабандоздың оқ бойы озық шығып, мәре сызығын бірінші кескенін мәлімдеді. 

Ол қашықтықты 53:28.4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті. Қола медаль моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтстың еншісіне бұйырды.

Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды. Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз шыққан болатын.

Айта кетейік, былтыр Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында топ жарған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға