Жаңалықтар

Валюта бағамы: Доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?

Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті
Валюта бағамы: Доллар қанша теңгеден сатылып жатыр?
Фото: baq.kz 24.11.2022 09:48 3769

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 24 қарашадағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 462, 65 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 7,64 теңге. 23 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,03 теңгеге қымбаттап, 462, 82 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 463 – 466 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 462,5 – 466,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,27 – 7,45 теңгеге сатып алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға