Жаңалықтар

Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмады

Валентина Хальзова Олимпиада жолдамасына қол жеткізе алмады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 11.03.2024 20:45 510

Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы іріктеу турнирінде ширек финалға шыққан қазақстандық боксшы Валентина Хальзова шешуші жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Валентина Хальзова ұлыбританиялық Синди Нгамбамен кездесіп, Олимпиада жолдамасынан тыс қалды. Жекпе-жек бойына тізгін бермеген Синди үшінші раундта қазақстандық боксшыны нокдаунға жіберіп, кездесу аяқталды. 

Осылайша, Хальзова Париж жолдамасына қол созым жер қалғанда уысынан шығарып алды. 

Бұған дейін ерлер құрамасынан 92 келіде шаршы алаңға шыққан Айбек Оралбай АҚШ боксшысын ұтып, Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік еткен еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға