Жаңалықтар

Вакцинациядан бас тартқандар жауапқа тартыла ма

Вакцинациядан бас тартқандар жауапқа тартыла ма
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 28.01.2024 07:15 511

Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова ӨКҚ-де өткен брифингте қызылшаға қарсы вакцинация жасатудан бас тартқандарға қандай жауапкершілік жүктелетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вакцинациядан бас тартқаныңыз үшін жауапқа тартылмайсыз, вакцинация тек ерікті түрде жүргізіледі.  Ересек адам тек өзі үшін жауап береді. Бірақ балаларды вакцинациялаудан бас тартқан ата-ана баласының денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Бала кез келген азамат сияқты аурудан қорғануға құқығы бар. Балаларымызды қорғай отырып, біз жақындарымызды, өзге де балаларды қорғай аламыз. Популяция әсері деген сияқты құбылыс бар. Яғни біз қоғамда еш оқшауланусыз өмір сүріп жатырмыз, - дейді бас санитар.

Ол балаларға екпе салдырудың маңызды екенін айтты.

Елордада халықтың тығыздығының артуы бар, байланыс қарқындылығы, қозғалыс жылдамдығы жоғары. Біз өзімізді қаншалықты жақсы қорғасақ, қасымыздағы адамдарды да соғұрлым жақсы қорғаймыз. Инфекциялар үнемі біздің қасымызда жүретінін естен шығармағанымыз абзал. Олар бізді «жақсы көреді» және олар сол «махаббатты» көрсету үшін кез келген мүмкіндікті пайдаланады. Ал біздің балаларымызға деген махаббатымызды көрсетудің жалғыз жолы – оларды уақытында вакцинациялау, - деді Сархат Бейсенова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға