Жаңалықтар

Вагондарды жаңарту жұмысын тездету керек - Тоқаев

Вагондарды жаңарту жұмысын тездету керек - Тоқаев
Фото: © El.kz 07.02.2024 11:51 539

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанды Еуразияның толыққанды көлік-логистикалық және транзиттік хабына айналдыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет. Осы міндетті іске асыру үшін Көлік министрлігі құрылды. Сондықтан министрлік осы саладағы өзекті мәселелер бойынша шұғыл және тиімді шешімдер қабылдауы керек. Нақты нәтиже күтемін, - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл бірінші жартыжылдықта шешу жолдарын қамтитын Бағдарламалық құжатты қабылдау теміржол саласындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектесетінін айтады.

Мәселе аз емес. Атап айтқанда, вагондарды жаңарту жұмысын тездету керек. Контейнерлердің тапшылығын жою қажет. Магистральді желілерді кеңейтуге қатысты барлық жобаны жүзеге асыру қажет (2028 жылға қарай 1,3 мың шақырым), - деді мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, теміржол саласын қарқынды түрде цифрландыру керек. Бұл қадам оның тиімділігі мен өнімділігін едәуір арттыруға, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға