
Вагон цистернасынан күкірт қышқылы ағып, ауыл тұрғындары эвакуацияланды
01.06.2024 22:28
991
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Малайсары теміржол вокзалында вагон цистернасынан диаметрі 25 мм болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылы аққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар шұғыл түрде жергілікті үйлерден 46 ауыл тұрғынын эвакуациялады. Вагон цистернасының салқындату жұмысы тексерілді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
12 Маусым, 18:09
«Жоғалған бала. Жаураған ана. Үйі суға кеткен халық»: жастарды ерікті болуға не итермелейді
5 Маусым, 15:18
Рәміздер күні қалай аталып өтті?